Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда сотталғандар туған-туысқандарымен қауышты

Павлодарда сотталғандар туған-туысқандарымен қауышты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тағдыр тәлкегімен өмірінің бір кездерін темір тордың ар жағында өткізіп жатқандардың жандарына үміт сәулесін ұялатып, көз жанарларын нұрландырған сәттердің бірі – туған-туысқандары мен жақындарымен қауышуы. Осы орайда Павлодар қаласының тергеу изоляторында шаруашылық қамтамасыз ету жасағының сотталғандарының туысқандары үшін мекемеде ашық есік күні ұйымдастырылып, өткізілді.

Біреулерге ата-анасы, балалары, аға-апалары келіп жатса, кей біреулерге жора-жолдастары келді. Екі жақта та жақындарын көріп, қуаныштан аққан көз жастарын жасырмады. Еліміздің Елорда күні мерекесіне арналған іс-шара болғандықтан, мекеме бастығының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Берик Рахимов сөз алып, мейрамен құттықтап, шағын мерекелік концерт шымылдығын ашты.

Қонақтар концерт тамашалап, жайылғн дастарханан дәм татты.

– Жақынының жанында болып, қолынан ұстап, оны жанында екенін сезіну, тіпті сол уақыттың аз болатынын біле тұрсаңда, үлкен бақыт, – дейді Б сотталғанның жұбайы.

Балалары келген сотталғандар оларды қолына алып, мауқы қанғанша иіскеп жатты.

– Осындай сәттер сотталғандардың мейілінше тез арада үйне туғандарының жанына асығуына себепкер болады. Олардың дұрыс жолға түсіп, жасаған қателігінің қайталанбауына септігін тигізері анық. Бұған мекеме қызметтері де атсалысуда. Сотталғандардың бақытты жүздерін көру, біздің жасап жатқан жұмысымыздың зая кетпегенінің белгісі, – деп түйіндеді мекеме басшысының орынбасары Берик Рахимов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру