Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да сотталғандар халық тұтынатын тауарларды өндіруде

ШҚО-да сотталғандар халық тұтынатын тауарларды өндіруде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біздің еліміздің пенитенциарлық жүйелеріндегі бас бостандығынан айырылған сотталғандардың еңбегі ең алдымен олардың рухани және материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыру тәсілі ретінде, ал содан кейін түзетудің басты құралы ретінде қарастырылады. Бұл сотталғандардың ерікті жұмысқа орналасуы кезінде мүмкін болады.

– Сотталған адам өз еңбегінің нәтижелеріне мүдделі болған кезде ғана еңбектің тәрбиелік мәні туралы айтуға болады, – деді ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің бастығы Қуанышбек Агиспаев.

Тәжірибелер көрсеткендей, кәсіпкерлермен ынтымақтастықтың оң аспектілері бар. Біріншіден, сотталғандар жұмыспен айналысады. Екіншіден, олар өз жұмыстары үшін ақша таба алады. Үшіншіден, сотталғандардың қолымен жасалған өнімдер өте сапалы және стандартқа сәйкес шығарылады.

– Қазіргі уақытта түзеу мекемесінде жеті жеке кәсіпкер және бір ЖШС жұмыс істейді. Жұмысқа орналастырылғандардың жалпы саны мекемеде ұсталатын барлық сотталғандардың 80%-ын құрайды. Сотталғандар неғұрлым көп жұмыс істесе, соғұрлым олардың заңсыз әрекеттері азаяды. Сондай-ақ, мекемедегі кәсіпкерлер үшін оңтайлы жағдайлардың бірі жұмыс объектілері мен  өндіріс орындарын тегін жалға алу және тек жылу мен электр энергиясына ғана ақы төлеу, – дейді ол.

Мысалы, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ-156/6 қауіпсіздігі барынша жоғары түзеу мекемесінде аумақты абаттандыруға арналған бұйымдармен заттардан бастап қалалық ортаға қажетті элементтер, яғни халық тұтынатын тауарлар кеңінен өндіріледі. Түзеу мекемесінде сотталғандар балалар алаңын, әртүрлі орындықтар, урналар, қоршаулар және т.б. бұйымдарды жасайды.

– Бүгінгі таңда жазғы кезеңнің қызған уақытында мангалдар жасаумен қатар, темір қоршауларға тапсырыс беру үлкен сұранысқа ие. Сотталғандар тапсырысты тез орындауға тырысып, уақытында дайындауға ниет білдіреді. Жалақының төленуі орындалған жұмыс көлеміне байланысты болады. Сотталғандардың талап-арыздарын өтеу мүмкіндігі бар, тіпті өз отбасыларына да көмектеседі. Біздің ЖШС 2018 жылдан бастап жұмыс істейді, 100-ге жуық сотталған еңбек етеді. ЖШС ағаштан және кәдесыйлардан бұйымдар жасауды, жұмсақ жиһазды қайта тартуды, металдан бұйымдар жасауды және автомобильдердің шанағын жөндеуді қамтамасыз етеді. Осы уақыт ішінде өндіріс өте жақсы жолға қойылған және тұтыну өнімдеріне сұраныс өте жоғары, – дейді “ЭКО-Орман” ЖШС директоры Алексей Сухоруков.

– Сонымен қатар, өткен жылы біздің “ЭКО-Орман” ЖШС “Қылмыстық-атқару жүйесіндегі өндірісті дамытуда сотталғандарды жұмысқа орналастыруды ұйымдастыруға белсенді қатысқаны және ІІМ-нің оң имиджін нығайтуға қосқан үлесі үшін” ҚАЖ комитетінің грамотасына ие болды, – деп қорытындылады директор Алексей Сухоруков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру