Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде есептегі сотталғандар мекенжайлары бойынша тексерілуде

Ақтөбеде есептегі сотталғандар мекенжайлары бойынша тексерілуде, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінiң бастығы Руслан Уразбаевтың төрағалығымен және жергілікті полиция қызметтерінің қатысуымен өткен бiрлескен кеңес отырысында жеке құрамға “Пробация” аймақтық жедел-профилактикалық іс-шарасы талқыланып, түйткілді мәселелердің түйіні тарқатылды. Кеңес соңында департамент бастығы жеке құрамға пробация есебінде тұрған сотталғандармен профилактикалық жұмысты жандандыруды тапсырды.

Тапсырмвға сәйкес, Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметкерлері учаскелік полиция қызметкерлерімен бірлесіп, 27 маусым мен 2 шілде аралығында облыс аумағында өткен “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандарды тексерді. Тексеріс барысында қасқөйлікпен 11​ құқық бұзушылық анықталып, оларға қатысты бас бостандығынан айыру жазасына қатысты құжаттар сотқа жолданды.

Аталған жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде сондай-ақ, Ақтөбе қалалық №3 полиция бөлімінің ғимаратында Алматы және Астана аудандық пробация қызметтері және аумақтық жергілікті полиция қызметімен бірлескен жұмыс кеңесі өткізілді. Кеңес отырысында облыстық Полиция департаментінің бұйрығымен 6 шілде мен 16 шілде аралығында аумақтарда “Пробация” облыстық жедел-профилактикалық іс шарасында аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жазаға сотталғандарды кешкілік уақытта мекен жайлары, жұмыс орындары, ойын сауық орталықтары бойынша тексеруді аумақтық жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесе отырып жүзеге асырып, сотталғандардың тарапынан жасалған құқық бұзушылықтармен қайта қылмыстарды уақытылы анықтау үшін тексеруді жалғастыру жөнінде айтылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру