Жоқ пәтерді сатқан: Жезқазғанда алаяқ тұрғынды 6,8 млн теңгеге алдап кетті
Жезқазғанда алаяқ тұрғынды 6,8 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2 қарашада Жезқазған қаласының ПБ-на 33 жастағы қала тұрғыны арызданған. Жәбірленуші пәтер сатып алуды жоспарлап, қолжетімді бағамен тұрғын үй ұсынған бір әйелмен келіскен. Өзара келісімнен кейін банктердің бірі арқылы сатушыға 6 миллион 896 мың теңге аударған. Кейіннен белгілі болғандай, сатып алған пәтері жалған болып шыққан.
Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғады.
18 қарашада жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері күдікті 36 жастағы әйелді анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындап, қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.