Жүгіруге шыққан алматылыққа шабуыл жасалды
Алматылық адамға жүгіру кезінде шабуыл жасалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
45 жастағы Александр түннің бір уағында жүгіруге шыққан. Үйден алыс емес жерде оған белгісіз жігіт шабуыл жасаған. Қаскөй ер адамды жұдырығымен бірнеше рет ұрып, ұялы телефонын тартып алған.
– Егжей-тегжей оқиға есімде жоқ, көзім қарауытып кетті, түнгі уақыт болатын. Белгілі болғандай, жігіт қасыма келіп, ештеңе айтпастан бетімнен бірнеше рет ұрды. Мен өз-өзіме келгенше, ол менің ұялы телефонымды алып, қашып кетті. Мен дереу полицияға бардым, олар менің өтінішімді қабылдады. Қысқа уақыт ішінде тез ұстағандарыңыз үшін рақмет, – деді Александр.
(Видео: Алматы қалалық ПД)
Полиция бірнеше күннен кейін күдіктіні қолға түсірді. Ол Алматы облысы Қарасай ауданының тұрғыны.
– Ұсталған 1996 ж.т., бұрын қарақшылық жасағаны үшін сотталған А.есімді азамат. Ол өзінің кінәсін толығымен мойындады. Қазіргі уақытта күдікті Алматы қаласы ПД уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктінің жеке басын басқа қылмыстарға қатысы бар-жоғы сөзсіз тексеріледі, – деді Алмалы аудандық ПБ жанындағы полиция бөлімінің бастығы Думан Аухадиев.