Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жазасын өтеп жүрген азаматтар қамқорлық шараларына атсалысты

Жамбыл облысы бойынша ҚАЖД қарасты ЖД-158/5 мекемесінде жазасын өтеуші 11 азамат Тараз қаласындағы №1 арнайы әлеуметтік қызмет орталығының ауласына тазалық жұмыстарын жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Орталықта тағдырдың тәлкегімен қартайғанда жалғыз қалған қариялар өмір сүреді.

– Үлкенді сыйлау, көңілдері қаяулы қарияларға қол ұшын созу – жас ұрпақтың парызы. Біз бүгін мекеме қызметкерлерімен ақылдаса отырып, жалғызбасты қарттар тұратын арнайы әлеуметтік қызмет орталығын абаттандыруды қолға алдық. “Жақсылық жаса” акциясы аясында қарттар үйінің маңын қоқыстардан тазарттық. Жеміс-жидек ағаштарын ретке келтірдік. Бұл жерде түрлі тағдыр иелері бар. Самайларын ақ шалған қарияларымыздың көңілін аулап, бір серпілту үшін қолымыздан келгенін жасадық, – дейді ЖД-158/5 мекемесі бастығының орынбасары Айгүл Танашева.

Өз кезегінде арнайы әлеуметтік қызмет орталығының қызметкерлері ҚАЖ қызметкерлерінің бастамасымен ретке келтірілген ағаштарды әрдайым бақылап, күтіп, баптап отыратындықтарын жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру