Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Бағдаршамды соққан көліктің мас жүргізушісі оқиға орнынан қашып кетті

Петропавлда мас күйдегі жүргізуші жол-көлік оқиғасын жасап, бағдаршамды зақымдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қазан күні сағат 22:20 шамасында Мүсірепов және Уәлиханов көшелерінің қиылысында “Аudi С4” автокөлігінің 30 жастағы жүргізушісі қапталдағы арақашықтықты сақтамай бір бағытта кетіп бара жатқан “Daewoo” автокөлігімен соқтығысты.
Соқтығысу нәтижесінде “Аudi С4” көлігінің жүргізушісі қозғалысын жалғастырып, тізгінге ие бола алмай қалып, бағдаршам объектісіне барып соғылды. Кейін оқиға орнынан жасырынды. Жол-көлік оқиғасы нәтижесінде мотор бөлігінен жалын пайда болды. Келіп жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды тез арада сөндірді. Көлік құралы айып тұрағына қойылды.

Сақшылар келгеннен кейін жол-көлік оқиғасын жасағат жігіт жақын маңдағы үйлердің бірінің ауласынан ұсталды.

Алынған сараптамаға сәйкес “Аudi С4” көлігінің жүргізушісі орташа алкогольдік масаң күйде болған.
Дене жарақаттарын алғандықтан, алғашқы медициналық көмек көрсету үшін ол полиция қызметкерлерімен жақын маңдағы медициналық мекемеге жеткізілді. Амбулаторлық ем қабылдау тағайындалды.

Екінші жүргізуші жол-көлік оқиғасында зардап шекпеді. Петропавл қ. ПБ патрульдік полиция батальонының командирі Қанат Әлімжановтің айтуынша, жол-көлік оқиғасын жасау фактісі бойынша әкімшілік материал жиналып, процессуалдық шешім қабылдау үшін Петрпавл қ. ПБ әкімшілік полиция бөліміне жіберілді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру