Жүк көлігі жүргізушілерінің заңсыз әрекеттері тоқтатылды
Алматыда полиция қызметкерлері жүк көлігі жүргізушілерінің заңсыз әрекеттерін тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алатау ауданының аумағында жүк көтергіші бар бірнеше жүк көлігінің жүргізушілері қара топырақты жинап, оларды жерден қазып алып ары қарай алып кетпекші болған. Полиция әкімшілік құқық бұзушыларды заттай айғақтармен ұстады.
«Бұл азаматтар ҚР ӘҚбК-нің бірқатар баптарымен жауапқа тартылды. Олар, былайынша айтқанда, «тыныш» құнарлы ортақ қолданыстағы жерді алып, өздерін байытуды шешті. Олардың мұны жасауға және карантин кезеңінде қала ішінде қозғалуға ешқандай рұқсаты болған жоқ. Осылайша, 23-38 жас аралығындағы төрт ер адам ҚР ӘҚбК-нің 337-бабы (жерді құрту), ҚР ӘҚбК-нің 463-бабы (кәсіпкерлік немесе өзге де қызмет, сондай-ақ, тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе ескертусіз іс-әрекеттерді орындау), ҚР ӘҚбК-нің 476-бабы (төтенше жағдай режимі бұзу), «ҚР ӘҚбК-нің 505-бабы (қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру ережелерін бұзу, сондай-ақ, инфрақұрылым нысандарын бұзу, қаланың және елді мекендердің жасыл алаңдарының бұзылуы және қиратылуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жиналған материалдар Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына тапсырылды, ол жерде әр бұзушыға қатысты шешім шығарылады», – деді Алатау аудандық Полиция басқармасының басшысы Ілияс Өмірсеріков.