Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полиция 18 баласы бар отбасыға көмек көрсетті

Алматыда полиция 18 балалы отбасыға көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Біз біргеміз” республикалық науқаны аясында Наурызбай ауданының полиция қызметкерлері тұрмысы төмен отбасыларға азық-түлік көмегін көрсетті.

“Полицияға мұқтаж отбасыларға көмек керектігі туралы хабарламалар мен қоңыраулар әлі де келіп түсуде. Полиция қызметкерлері тәулік бойы короновирустық инфекцияның таралуына қарсы күресте алдыңғы қатарда тұрғанына қарамастан, осы қиын кезеңде біздің бөлім қызметкерлері халықтың әлеуметтік әлсіз топтарындағы отбасыларға азық-түлік көмегін көрсетті. Олар қажетті азық-түліктерді жинап, 18 баласы бар отбасы мен жалғызбасты аналарға жеткізді. Көлікті біздің жеке құрамымыз қамтамасыз етті”, – деді Наурызбай аудандық Полиция басқармасының басшысы Дидар Аханов.

 

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру