Жүк көлігінен 100 мың рубль ұрлаған тараздық ұсталды
Көлікке ұрлыққа түскені үшін Тараз қаласының 31 жастағы тұрғыны ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Полицияға Түркістан облысының 30 жастағы тұрғыны шағымданған. Ер адам Батыс Еуропа – Батыс Қытай автожолының 439-шақырымында белгісіз тұлға кафелердің бірінің ауласына қойылған DAF жүк көлігінен 100 мың рубль көлеміндегі ақшаны ұрлап кеткенін туралы хабарлады.
Аталған дерекке қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде тәртіп сақшылары 31 жастағы облыс орталығының тұрғынын анықтап, ұстады.
Жамбыл облысының Полиция департаменті азаматтарды жеке мүліктеріне мұқият болуға, автокөлік салонында қаскүнемдердің назарын аударуы мүмкін бағалы заттарды қалдырмауға шақырады. Автомашиналарды күзет сигнализациясы жүйесімен жабдықтау немесе күзетілетін тұраққа қою қажеттілігін ескертеді.