Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүк көлігінің жүргізушісі әлеуметтік желі арқылы полицейлерге алғысын білдірді

СҚО полицейлері және аудандық кәсіпкер аударылған жүк көлігінің жүргізушісіне көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Ешкім тоқтаған жоқ, тек патрульдік полицейлер ғана қол ұшын созды, – деп жазыпты «Вконтакте» әлеуметтік желісінде орналастырған видеосына қатысты ойын Жамбыл ауданының тұрғыны.

Оның «Volkswagen»-нің қозғалтқышы Петропавлдан үйіне бара жатқан кезде Челябі-Новосібір жолында істен шыққан. СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет испекторы Артем Соколов және Мұрат Қабдушев көлікті тіркеп алып үйіне дейін жеткізген. Полицейлерге риза болған ауыл тұрғыны арнайы видео түсірген.

– Көлігімді буксирмен сүйреп, көмектесіп жіберетін бір жан табылмады, тек полицейлер ғана қол ұшын созды, – деп бөлісті ол. – Полицейлер жолда қиын жағдайға ұшыраған адамдарға көмек көрсетіп келеді. Оларға алғысым шексіз.

СҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызметкерлері автожолдарда қызмет өткеру кезінде қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмектесуде. Бір-екі күн бұрын Шал ақын ауданында жаңбырдан кейін ауыл дүкеніне азық-түлік апара жатқан жүк көлігі жолда аударылған. Жолды патрульдеп жүрген патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Ерболат Шайынов және Қуандық Тоқбаев орын алған апатты көреді. Жүргізуші зардап шеккен жоқ, жүк те бұзылмаған, тек кондитерлік өнімдер ғана жарамсыз болып қалған екен. Дүкен жұмысшылары тауарды басқа көлікке тиеп алып кеткен, ал жүргізушіге көмек көрсету үшін полицейлер «Мамонтов» жеке кәсіпкерлігінің иесіне жүгінген. Сергеевка қаласындағы кәсіпкер көлікті жолға қою үшін кранды жіберген. Тек осы аптаның ішінде ол кранды көмекке үшінші рет жіберіп отыр екен.

– Кәсіпорында арнайы техника – кран, манипулятор, жүк тиегіш бар, жолда көмек көрсету менің қызметтік міндетіме айналды, – деп әзілдеді Дмитрий Мамонтов.

Полицейлер кәсіпкерді жақсы таниды, ол әрқашанда көмек қолын созуға дайын адам. Оның техникасының көмегімен қыста қардың құрсауынан көптеген көлік шығарылып, аударылған бірнеше көлік орнына қойылған екен.

– Қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге көмек көрсету – патрульдеуге шығатын экипаждарға күнде берілетін нұсқау, – деді СҚО ПД бастығының бірінші орынбасары Қанат Айтбаев. – Жақсы атқарылған жұмыс үшін айтылатын алғыс көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, жігерлендіреді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру