Жүк пойызы рельстен ауытқып кетті
Қарағанды облысы аумағында жүк пойызы рельстен шығу салдары анықталуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15-ақпанында сағат 04.48-де Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы Желілік полиция бөлімінің кезекші бөліміне «Мойынты- Бүйрек» аралығының 1084 шақырымында жүк пойызының вагондары рельстен шығып кеткендігі туралы ақпарат келіп түсті.
Аталған факті Қылмыстық кодектсің 344-бабы 1-бөлігі (Темір жол көлігі қозғалысының қауіпсіздік қағидаларын бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Оқиға орнына Қарағанды-Сұрыптау станциясының жергілікті полиция бөлімшесінің жедел-тергеу
тобы шықты.
Қазір қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Зардап шеккендер жоқ. Тергеу жұмыстарының нәтижесінде осы оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталатын болады.