Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоғамның көңілін аудару шаралар жиынтығы жоспарланды

Қазақстандықтар жыл сайын 1 наурызда Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау
күнін атап өтеді.
Бұл мереке, 1972 жылы 1 наурызда Халықаралық Азаматтық қорғаныс
ұйымының құрылған күніне белгіленген. Дәлірек айтқанда, 1972 жылы ұйым
үкіметаралық ұйым статусына ие болды, бірақ ол бұрынырақ құрылған. Онда 18 мемлекетпен келісілген Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы жарғысы күшіне енген.
Қазіргі таңда Европа, Азия мен Африканың 50-ке жуық елін біріктіріп отыр,
16 мемлекеттік бақылаушылар, 13 қауымдастырылған мүшелерінен тұрады. Штаб- пәтер Щвецарияда (Женева қаласында). Ұйымға қабылдау барлық мемлекеттерге ашық.
1990 жылы Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымының Бас Ассамблеясының 9-сессиясында, жыл сайын 1-наурыз Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау Күнінің мейрамы болсын деген шешім қабылданған.
Біздің елге келетін болсақ, 1996 жылдан бастап Қазақстан Республикасы
ХАҚҰ толық құқықты мүшесі болып табылады және оның жұмыстарының негізгі бағыттарын іске асыруға белсенділік танытып отыр. 1997 жылдың 31 қазанында Президент жарлығымен «ҚР-ның Халықаралық Азаматтық қорғаныс ұйымы Жарғысына кіруі туралы» Заңы қабылданып, күшіне енді.
Бүкіләлемдік Азаматтық қорғау күнін, атап өту барысында Жамбыл облысы
ТЖ департаментімен, азаматтық қорғаныс туралы адамдардың білімін насихаттауға бағыттылған және Азаматтық қорғаныс қызметімен орындалатын шаралардың маңыздылығына, қоғамның көңілін аудару шаралар жиынтығы жоспарланған. Қызыл-Ай қоғамы облыстық филиалы мерекенің ұйымдастырылуымен өткізілуіне белсенді қатысуда.Азаматтық қорғаныс күні аясында Азаматтық қорғаныс бөлімінің қызметкерлері “Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету” мамандығы 2 курс студенттерімен кездесу өткізді.
Кездесу барысында азаматтық қорғау негіздерін оқитын студенттерге
азаматтық қорғаныстың құрылу тарихы және Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметі туралы ақпарат жеткізілді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру