Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Айыппұлды онлайн қарау қызметі жүзеге асуда

Батыс Қазақстан облысында «Жолда қабылдау» акциясы өтіп жатыр,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ақпанның 14,15,16 күндері өтетін республикалық акцияның алғашқы күнінде полиция қызметіне 67 адам түрлі сауалдарымен жүгінді. Полиция департаментінің басшылығы тұрғындардың ұсыныстарын, сауалдарын тыңдап, шешу мәселелерін қарастырды. Облыстың әр ауданында арнайы штаб құрылып, тұрғындардың сауалдарына жауап берілуде. Көбіне мұндай акция адам көп шоғырланатын жерде өткізіледі.
Айта кетейік, бұл акция азаматтар үшін өте ыңғайлы болып, тиімділігін көрсетті. «Жолда қабылдау» акциясының ерекшелігі, мұнда кез келген тұрғын келіп полиция қызметкерлеріне көкейкесті сауалдарын қоя алады. Арнайы жабдықталған автобустарда тұрғындар полиция қызметкерлерінің заңсыз іс- әрекеттеріне шағымдана алады және полиция тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы, сондай-ақ, ІІО-ға орналасу туралы ақпарат алып,
ішкі істер огандарының цифрлық мүмкіндіктерін пайдалана алады. Келген тұрғындардың көпшілігі және Полиция департаменті инстаграм парақшасы арқылы жүргізілген «тікелей эфирде» оқырмандардың көбі Еуропалық экономикалық одақтан Армения, Ресей елдерінен әкілінген автокөліктерін қалай қайта тіркеуден өткізуге болады, уақытша тіркеуге қойғанда қандай құжаттар қажет, мемлекеттік салығы қандай болмақ және т.б. сұрақтарымен жүгінді. Келген БАҚ өкілдеріне аталған мәселе бойынша берген сұхбатында Әкімшілік полиция басқармасы бастығы Ж.Жаншин Еуразиялық экономикалық одақ аумағында тіркелген көлік құралдары Қазақстан аумағына бір жылға дейінгі мерзімге әкелінуі мүмкін деді.
– Бұл ретте Қырғыз Республикасында және Армения Республикасында
тіркелген автокөлікті осы елдердің аумағында тұрақты тұратын азаматтар ғана
Қазақстанға әкеле алады. Ал Қазақстан Республикасының азаматтарына аталған көлік құралдарын әкелуге және пайдалануға, сондай-ақ оларды иеліктен шығаруға, басқа адамдарға пайдалануға беруге кедендік ресімдеуден өткен және төленген жағдайда жол беріледі. Автокөлікті шетелдік есепке ала отырып сатып алған иелері көлік құралдарын уәкілетті органда сатып алғаннан кейін он жұмыс күні ішінде тіркеуге міндетті. Ол үшін арнайы халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну қажет. Тіркеу сомасы көлік шығарылған жылға және қозғалтқыш көлеміне байланысты, – деп мәлімдеді Жанболат Жасқайратұлы.
Арнайы ұйымдастырылған акция 14, 15, 16 ақпан аралығында Орал қаласы Пугачев көшесі 45 мекенжайы бойынша Полиция департаментінің фронт офисінде және Ш.Айталиев көшесі 10 мекенжайы бойынша Орал қалалық фронт офисте сағат 10:00-ден сағат 19:00-ге дейін жалғасады. Осы күндері 98-40-18, 8-775-688-78-28 телефондары жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторлары жергілікті атқарушы органдармен, тұрғын үй инспекцияларымен бірлесіп тұрғын үйлердің аулаларында азаматтарды қабылдау жұмыстарын
ұйымдастыруда. Азаматтардың қарыздарын тексеру, айыппұлды онлайн режимінде қарау және төлеу үшін электронды үкімет порталы арқылы қызмет көрсету, “Автоураган” автокөлік кешендері арқылы жүзеге асырылуда.
Акцияның алғашқы кезеңі бойынша тұрғындардан 67 өтініш келіп түсті, оның ішінде 1-еуі сенім телефондары арқылы екен. Полиция департаменті инстаграм парақшасы арқылы жүргізілген «тікелей эфирде» оқырманнан 70-тен астам сұрақ келіп түсті. Келіп түскен өтініштің барлығы да сол сәтте қаралып, шешімін тапқан болатын.
Азаматтардан келіп түсетін сұрақтардың басым бөлігі төменде көрсетілген мәселелер:
– көлік құралдарын тіркеу – 21;
– жүргізуші куәліктерін беру -8;
– жол қозғалысын ұйымдастыру – 6;
– көлік құралдарын қайта жарақтандыру – 7;
– әкімшілік айыппұлдарды төлеу – 8;
– көші-қон қызметі бойынша- 11;
– басқа мәселелер бойынша – 4;
– полиция қызметіне қатысты емес сұрақтар саны -2
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру