Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өрттен 70 пәтер тұрғындары эвакуацияланды

Өрт сөндірушілер Атырау қаласында көп пәтерлі үйдегі өртті ауыздықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.
Ағымдағы жылдың 15-ақпанында Атырау қаласында М.Өтемісова көшесі мекен-жайы бойынша бес қабатты үйден өрт шықты. Өрт бір бөлмелі пәтерде 840 шаршы метр тұрғын үйдің шатырына өтуімен болды. Қалған үйлер зардап шеккен жоқ.
Жергілікті уақыт бойынша қоңырау сағат 16: 22-де түсті, 18: 18-де өрт тез арада өшіріліп, 18: 28-де толықтай ауыздықталды. Өрт кезінде 249 адамнан тұратын 70 пәтер тұрғындары дербес эвакуацияланды және тағы 30 адамды Атырау облысының Төтенше жағдай департаменті «ӨС және АҚЖҚ» ММ өрт сөндірушілері құтқарды. Жарақат алғандар жоқ. Өрттің себебі мен шығыны анықталды.
Сіздің үйіңізде өрт болмауы үшін – кереуетте, балкондарда темекі шегу, бірнеше қуатты тұрмыстық техниканы бір розеткаға қосу арқылы электр желілерін шамадан тыс жүктеу, балаларды қараусыз қалдырмаңыз, сіріңкемен ойнауға, электр мен газ құрылғыларын пайдалануға рұқсат бермеңіз. Қосылған электр және газ құрылғыларын қараусыз қалдырмаңыз. Бұл қарапайым ережелерді сақтамау қайтымсыз зардаптарға әкелуі мүмкін.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру