Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ата-ананың қарауынсыз жүрген балаларға шара қолданылды

Шардаралық полицейлер ата-ананың қадағалауынсыз жүрген жастарға
шара қолданды,-деп хабарлайды Polisia.kz. 
Шардара аудандық полиция бөлімшесінің бастығы полиция полковнигі Аббаз Тұрғынбаевтың бастамасымен аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметкерлері жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау, олардың беймезгіл уақытта жүруінің алдын алу мақсатында ақпан айында тексеру жұмыстарын жүргізді. Түнгі рейд барысында полицейлер кәмелетке толмағандардың жаппай болатын орындарын тексеріп, қала көшелерін аралап, оларға келушілердің жасына ерекше көңіл бөлді.
Рейдке шыққан полицейлер кәмелет жасына толмағандардың сағат 23:00-ден
кейін ойын-сауық орталықтарында заңды өкілдерінсіз жүрмеуін қадағалады.
Шардара ауданы көлемінде орналасқан ойын-сауық орталықтары және тағы
да басқа адам көп шоғырланатын орындарға білім беру бөлімдерінің
қызметкерлерімен бірлесіп барып, тиісті жұмыстарды жүргізді.
Іс-шара аясында Шардара ауданында орналасқан 10-ға жуық мейрамхана
және ойынханалар, ойын-сауық орталықтары тексерілді. Түнгі сағат 23:00-
ден кейін ата-анасының қарауынсыз жүргені үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 442- бабымен 12 хаттама толтырылды. Осылайша, полицейлер тарапынан іске асырылған тексеру жұмыстарында біршама олқылықтар анықталып, мұндай жағдайлардың қайталанбауы
жасөспірімдерге, түрлі ойын-сауық орталықтарының иелеріне яғни жеке кәсіпкерлерге ескертіліп, түсіндірілді.
Кәмелетке толмаған балалардың құқығын қорғау полиция инспекторлары жастар және олардың ата- аналарымен профилактикалық әңгімелесулер өткізіліп, тиісті кеңестер беріліп, қолданыстағы заңнамасының ережелерін түсіндірді.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру