Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Жұмыспен қамтамасыз етеміз”: Шымкентте екі алаяқ ұсталды

Шымкентте “жұмыспен қамтамасыз етеміз” деп тұрғынды алдаған екі алаяқ ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылдың 1 шілдесінде Қаратау АПБ-ның 102 нөміріне Шымкент қаласының тұрғыны арызданған. Ол өз арызында бейтаныс екі ер адам жұмыспен қамтамасыз етіп береміз деген мақсатпен 800 000 теңге ақшалай қаражатын алып, қазіргі таңға дейін қайтармай жүргенін көрсеткен.

Қаратау АПБ КПБ қызметкерлерінің жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің екі тұрғынын анықтап, жеткізді. Ұсталған күдіктілердің басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталуда. Тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру