Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстау жолдарында кортеж ұйымдастырған жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Маңғыстау жолдарында кортеж ұйымдастырған жастар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2021 жылы 6 шілдеде әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу кезінде Instagram әлеуметтік желісі @smotra.aktau парақшасында Бейнеу-Сайөтес тас жолында төрт автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнежазбасы жарияланған болатын.

Әрбір жүргізушіге қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды:
бір “Daewoo Nexia” автокөлігіне – ҚР ӘҚБтК 606-бабы 1-бөлігі және 593-бабы 3-бөлігі бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталса, екінші Daewoo Nexia автокөлігіне әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 606-баптың 1-бөлігімен, 593-баптың 2-бөлігімен хаттамасы жасақталды. Сонымен қатар,
“Lada Vesta” автокөлігіне – 593 баптың 2-бөлігімен;
“Opel Vectra” автокөлігіне 230-баптың 2-бөлігі және 593-баптың 2-бөлігімен хаттамалары толтырылды.

 

Барлық төрт автокөлік те айып тұраққа жабылды. Жүргізушілермен профилактикалық әңгімелер жүргізілді.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін бұзбауға және жолдарда сақ болуға шақырады! Жүргізушілердің жолдағы кез-келген тәртіпсіздігінің арты қайғылы оқиғаларға соқтыруы мүмкін деп ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру