«Жұмысқа орналастырамын»: алаяқ қарағандылықтарды алдап кетті
Жұмысқа орналастырамын деген алаяқ Қарағанды тұрғындарын алдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
18 қаңтарда Қарағанды қаласының ПБ Октябрь полиция бөліміне 32 жастағы қала тұрғыны арызданған. Ол белгілі бір азаматқа шара қолдануды сұрады. Анықталғандай, соңғысы арызданушыға ұлын жоғары жалақы алатын кәсіпорындардың біріне орналастыруға уәде берген. Бірақ ол делдал қызметі үшін 1,5 млн теңге талап еткен. Сенімге кірген бейтаныс адамға әйел қажетті соманы берген. Қаражатты алғаннан кейін делдал байланысын тоқтатқан.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
11 сәуірде криминалдық полиция қызметеерлері жедел-іздестіру іс-шараларының барысында 29 жастағы әйелді күдікті деп танып, анықтап, ұстады. Ол мойындау көрсетпелерін берді.
Полицейлер сотқа дейінгі тергеу барысында күдіктінің осыған ұқсас тағы бір қылмысқа қатысы бар екендігін анықтады. Тергеу амалдары жүргізілуде.