Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмысқа тұрғызып беремін: Түркістан облысында алаяқ ұсталды

Түркістан облысының полицейлері жұмысқа тұрғызып беремін деген алаяқты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түлкібас АПБ-не жергілікті тұрғын арызданып, танысы әкімшілікте істейтінін айтып, құқық қорғау органдарына жұмысқа кіргізіп беремін деп алдағанын жеткізген. Содан күдікті жәбірленушіден жұмыс ақысы үшін 500 мың теңге алған. Алайда, бүгінгі күнге дейін уәде етілген жұмысы болмаған, не өз ақшасын кері ала алмаған. Арада бірнеше күн өткен соң жәбірленуші танысының алдап жүргенін білген. Сондықтан біден полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінген. Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша СДТБТ-ға тіркелді.

Тәртіп сақшылары іздестіру шаралары барысында күдіктіні жергілікті мекенжайынан анықтады. Полицейлер күдікті азаматтың ешқандай әкімшілікте жұмыс жасамайтынын анықтады. Қазіргі уақытта алаяқтық жайты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда күдікті азаматтың бас шарасы келу туралы міндеттемеде. Сондай-ақ тәртіп сақшылары күдіктінің басқа да алаяқтыққа қатыстылығын анықтауда.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға күмәнді қызметтерді ұсынатын бейтаныс адамдарға сенбеуге кеңес береді. Сондай-ақ, қандай да бір мәмілелерді, рәсімдеу кезінде мұқият болу керектігін айтады. Егер сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, шұғыл “102” телефоны арқылы полицияға хабарласыңыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру