Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұмыстағы соңғы күн: лайықты демалысқа шыққан патрульдік полиция қызметкері

Алматы полициясы лайықты демалысқа шыққан патрульдік полиция қызметкері жайында арнайы репортаж түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Біреу 30 жыл бұрын Тәуелсіз Қазақстанмен бірге дүниеге келген, ал біреулер осы 30 жыл бойы азаматтардың тыныштығын қорғап, қызмет етіп келеді.

Дастанбек Азнабакиев – Алматының Патрульдік полиция полкінің полиция қызметкері.

Қазақстан полициясының 30 жылдық мерейтойы қарсаңында ол, зейнеткерлікке құқық беретін шекті жасқа толуына байланысты ішкі істер органдарынан босатылды.

“Буран” патрульдік экипажының құрамында соңғы ауысымын аяқтады.

– Сағат тілі тоқтап қалған сияқты, ауысым бітпейтіндей көрінді. Рациядағы дауыс, қоңырауларды қабылдау, тәртіп бұзушыларды ұстау – өткенде қалатынын түсінесің, – дейді ІІО жас ардагері.

Дастанбек Азнабакиев ішкі істер органдарына ҚР Қарулы Күштері қатарында Әскери борышын өтеген соң келді. Полиция қызметкері бола жүріп, ҚР ІІМ Алматы Академиясына оқуға түсті. Полиция старшинасы айтқандай, осы жылдар ішінде ол көп нәрсені көрді, қызық шақыртулар да болды, бірінші секундтан-ақ айқындық, жеделдік пен табандылық таныту қажет қоңыраулар да болды.

– Біздің қызметіміз қауіпті де қиын, бірақ зейнеткерлікке алып барады, – деп күледі Дастанбек Азнабакиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру