Жүргізу құқығынан айырылған риддерлік мас күйінде қала ішінде көлік басқарды
Жүргізу құқығынан айырылған риддерлік мас күйінде қала ішінде көлік басқарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Риддер қ.ПБ-на патрульдік полиция взводынан патрульдеу бағытында болған кезде алкогольдің иісі шыққан 54 жастағы жергілікті тұрғынның басқаруымен Ниссан автомобилі тоқтатылғаны туралы жедел ақпарат келіп түсті.
Медициналық куәландыру актісіне сәйкес ер адам «жеңіл дәрежедегі» алкогольдік масаң күйде болған.
– Тексеріс барасында ер адамның көлік құралын басқару құқығынан 2022 жылға дейінгі мерзімге айырылғаны анықталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.
Жүргізуші уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігіне сәйкес (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не көлік құралын басқаруды осындай адамға беру, сол сияқты осындай адамның көлік құралын басқаруына лауазымды адамның немесе көлік құралы меншік иесінің не иеленушісінің жол беруі) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.