Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші көлігімен 5 жасар баланы қағып кетті

Ақтөбе облысында көлік жүргізушісі жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жерден өткен бес жасар баланы көлігімен қағып кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

24 қыркүйек күні «ВАЗ-21051» автокөлігінің 64 жастағы жүргізушісі Алға қаласындағы Сейфуллин көшесі бойымен «Дина» дүкеніне қарама-қарсы бағытта қозғала отырып, қауіп туындаған кезде көлік құралының  жылдамдығын төмендетпей, жаяу жүргіншілер өткелінен тыс жолды кесіп өткен кәмелетке толмаған баланы қағып кеткен.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан бес жасар бала Актөбе қаласының облыстық балалар клиникалық ауруханасына жатқызылды.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ересектердің балалардың қауіпсіздігіне назарын аударуды сұрайды: балалар қауіпті алдын ала болжай алмайды, балалар жаяу жүргінші өткелінен өтер сәтте автокөлік жүргізушісі қозғалыс жылдамдығын төмендету қажет, өйткені кей жағдайда балалар өзінің қысқа бойлығынан жүргізушілерге көрінбей жататын кездер болады, ал бұл өмірге қауіпті! Жазатайым күтпеген жағдай болмау үшін бала көліктің қаншалықты қауіпті құрал екенін түсінуі керек. Жүргізуші тежегішті басса да, көлік бірден тоқтай алмайды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру