Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қоңырау шалу үшін сұрап, ұялы телефонды ұрлап кетті

Ақтөбе облысында қоңырау шалу үшін телефонды тұрғыннан сұрап, ұрлап кеткен алаяқ анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы Полиция департаменті ақтөбеліктерді аса сақ болуға және алаяқтардың құрбаны болмас үшін бейтаныс адамдарға сенбеуге шақырады. Құнды заттарды немесе ақшаны бейтаныс адамдарға бере отырып, тексеру және қырағылық таныту қажет.

Мысалы, 13 қыркүйек күні Ақтөбе қаласындағы дәмханалардың бірінде алаяқтық пен ұрлық үшін бұрын сотталған 36 жастағы ақтөбелік ұсталды. Ол 54 жастағы ақтөбеліктен “Samsung” маркалы ұялы телефонды қоңырау шалу сылтауымен алып кеткен.  Шығын 181 мың теңгені құрады. Күдікті ұсталып, жасаған ісін мойындады. Факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы бір жағдай, 20 қыркүйек күні Қарғалы тұрғын үй кешеніндегі сыраханада алаяқтық фактісі орын алды.

Бұған дейін ұялы телефон ұрланғаны үшін сотталған 38 жастағы ақтөбелік Қарғалы тұрғын үй кешеніндегі сыраханада 36 жастағы ақтөбеліктің сеніміне кіріп,  “Huawei” маркалы ұялы телефонын алдап алып кеткен. Шығын 80 мың теңгені құрады.

Күдікті полиция қызметкерлерімен жеткізілді, ер адам бұл әрекетін мойындады. Ұрланған зат тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру