Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік басқарған семейлік ұсталды

Жүргізуші куәлігінен айырылса да мас күйде көлік басқарған семейлік ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қараша айының ортасында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу аясында Семей қ.ПБ Затон ПБ полиция қызметкерлері ЖҚАЖ-мен бірлесіп қызмет атқару барысында Бородулиха ауданының 31 жастағы тұрғынының басқаруындағы Toyota автокөлігін тоқтатты. Одан әрі жүргізуші қалалық наркологияға жеткізілді, оның қорытындысы жүргізушінің жеңіл дәрежеде мас болғанын көрсетті.

Тексеру барысында ер адамның осыған дейін мас күйінде көлік құралын жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Осылайша, ол тағы да заң бұзды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы не осындай адамға көлік құралын басқаруды беруі, сол сияқты санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейтін көлік құралын басқаруға осындай адамды жіберу) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мадиев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру