Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарып жүрген жетісайлық жүргізуші қамауға алынды

Түркістан облысының полицейлері жүргізуші куәлігінсіз, мемлекеттік нөмірсіз көлік басқарып жүрген жүргізушіні қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жетісай ауданының полицейлері аудандағы қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздік ережелерін сақтау, сонымен қатар қылмыстың алдын алу және болған қылмыстарды дер кезінде ашу мақсатында түрлі рейдтік-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруда. Осындай кезекті жұмыс күні Жетісай АПБ ППТ-ның қызмет инспекторы Бақберген Сариев пен Мұстафа Тұрлыбеков, Арман Жанзақов сағат кешкі 17:30 шамасында Жетісай қаласы, Қ.А.Яссауи көшесінің бойында мемлекеттік тіркеу белгісі жоқ, ақ түсті «Mercedes-Benz Sprinter» маркалы автокөлікті тоқтатады. Тексеру барысында автокөлік жүргізушісінің ішімдік ішкеніне күмән туындап, медициналық сараптамадан өткізіледі. Зерттеу қорытындысына сәйкес жігіттің орта дәрежелі мас халде автокөлік басқарғаны анықталды. 
Құжаттарды тексеру барысында жүргізушінің бұған дейін, яғни 2019 жылы Жетісай аудандық сотының шешімімен бес жылға көлік құралын басқару құқығынан айырылғаны анықталды. Яғни жүргізуші көлік басқаруға қажетті құжаты болмағанына қарамастан, ішімдік ішіп көлік басқарып жүрген. Аталған жайт Жетісай АПБ-де ҚК 346-бабы 1-бөлігімен (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру) тіркелді.

Жүгенсіз жүргізуші қамауға алынды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ал көлікті мемлекеттік тіркеусіз басқарғаны үшін көлік айыптұраққа қойылды. Жүргізушіге ҚР ӘҚТтК-нің 590-бабының 2-бөлігі (Көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзу) және 593-бабының 2-бөлігі (Жол жүрісі қағидаларында көзделген жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, қауіпсіздік белдіктерін немесе мотошлемдерді пайдалану жөніндегі талаптарды сақтамау) бойынша хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру