Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны екі трактордан 750 литр дизель ұрлап кетті

Қарағанды облысында ауыл тұрғыны екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданының полиция бөліміне шаруа қожалықтардың бірінің 56 жастағы басшысынан арыз түсті. Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз біреу түнде далада тұрған екі трактордан 750 литр дизель отынын ұрлап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 247 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер “ізін суытпай” күдікті – ауылдардың бірінің 37 жастағы тұрғынын анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы (Ұрлық) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру