Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ер адам Балқаш тұрғынын қараусыз қалған үйге күштеп апарып, тонап кетті

Қылмыскер Балқаш тұрғынын қараусыз қалған үйге күштеп апарып, ұялы телефоны мен ақшасын тартып алған, – деп хабарлайды Polisia.kz.

23 қазанда Қарағанды облысы Балқаш қаласының полиция бөліміне 31 жастағы қала тұрғыны хабарласқан. Белгісіз ер адам күш қолданып, оны көлікке отырғызып, қараусыз қалған үйге алып кеткен. Бұл жерде ол күш көрсетіп, жәбірленушінің ұялы телефоны мен 110 мың теңгесін алып кеткен. Келтірілген шығын көлемі 240 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шараларының барысында полицейлер күдікті 30 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол қылмысын мойындады.
Сонымен қатар, тәртіп сақшылары ұсталған азаматтың үйін тексеру барысында тапанша мен бес патронға ұқсас зат тауып, тәркілеген. Сараптама нәтижесінде бұл атуға жарамды 1930 жылғы ТТ тапаншасы, ал патрондар осы атыс қаруының оқ-дәрілері екені анықталды.

ҚР ҚК-нің 191-бабы (Тонау) және ҚР ҚК-нің 287-бабы (Заңсыз қару алу, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру