Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараздық полицейлер 18 жасар ұрыны ұстады

Тараздық полицейлер 18 жасар ұрыны ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тараз қаласының полиция бөліміне 43 жастағы жергілікті тұрғын жүгінді. Өз арызында белгісіз тұлға түнде жәбірленушінің қорасына заңсыз кіріп, құрылыс құралдарын және “LAUX” велосипедін жасырын түрде ұрлап кетіп, жәбірленушіге материалдық шығын – 160 000 теңге келтірген.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында полиция қызметкерлерімен 18 жасар Тараз қаласының тұрғыны анықталып, ұсталды. Күдікті өз кінәсін мойындады.
Бұл дерек бойынша ҚР ҚК-нің 188-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, 2 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуге, не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру