Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жұртты 98 млн теңгеге алдап, сотталған әйелдің жаңа құрбандары анықталды

Жұртты 98 млн теңгеге алдап, сотталған әйелдің жаңа құрбандары анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атыраулық азаматша төрт жәбірленушіге қала аумағынан пәтер алып беремін деп алдап, олардан алған 98 млн теңгені қалтасына басқан. Көп ұзамай әйелдің қылмыстық әрекеті әшкере болып, 12 сәуір күні сот үкімімен кінәлі деп танылды. Содан алаяқ әйел алты жыл сегіз ай мерзімге бас бостандығынан айырылды.

Аталған азаматшаның бұдан басқа алты адамға қала аумағынан пәтер алып беру сылтауымен сенімдеріне кіріп, қаражаттарын иемденіп алғаны анықталды. Келтірілген шығын 25,7 млн теңгені құрады.

Қазіргі таңда дерек бойынша Атырау қаласының Полиция басқармасымен ҚК-тің 190-бабының 3- (Алаяқтық) бөлігі бщйынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру