Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО полицейлеріне әлеуметтік желілер арқылы 200-ге жуық сауал келіп түсті

Жыл басынан СҚО полицейлеріне әлеуметтік желілер арқылы 200-ге жуық сауал келіп түсті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Айналасында болып жатқанға бейжай қарамайтын азаматтар тәртіпті сақтау мәселесіне белсенді араласуда. Бұл үшін солтүстікқазақстандықтар әлеуметтік желілерді кеңінен пайдаланып келеді. Тиімді алаңның көмегімен Петропавл қаласының тұрғыны көлік құралдарын тоқтату немесе қою ережелерін бұзудың бірден үш фактісі бойынша шаралар қабылдауға ықпал етті. Ол полицейлерге Абай көшесіндегі көпқабатты үйдің ауласында көгалды тұрақта жол ережесін бұзып, қаңтарылып тұрған автокөліктердің фото, видеосын жолдады.

Аталған факті бойынша полицейлер ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 597-бабы 2-бөлігі (Көлiк құралдарын тоқтату немесе тоқтап тұру қағидаларын бұзу) талаптарына сәйкес шаралар қабылдады. Аталған бапқа сәйкес, автокөлікті тротуарда тоқтату немесе оның тоқтап тұру қағидаларын бұзу, сондай-ақ көлік құралдарын гүлзарларда, көгалдарда, балалар немесе спорт алаңдарында тоқтатып қою үшін он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салу көзделген.

Жыл басынан солтүстікқазақстандық полицейлер азаматтардан әлеуметтік желілер арқылы келіп түскен 192 сауал бойынша шаралар қабылдады. Тұрғындар арасында Instagram және ВКонтакте кең қолданысқа ие.

– Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігінің бұзушылықтары бойынша жарияланымдарды анықтау және мониторинг кезінде шұғыл шаралар қабылданады. Мұндай тәжірибе азаматтардың құқықтық санасын нығайтуға, құқықтық мәдениетті арттыруға ықпал етеді, – деп атап өтті СҚО ПД бастығының орынбасары Руслан Назаров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру