Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері Алматы жолдарында 110 көлікті қатты жылдамдықпен басқаратындар ұсталды

Жыл басынан бері Алматы жолдарында 110 көлікті қатты жылдамдықпен басқаратындар ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасының Жол қозғалысы ережелерін сақтау және бұзушылықтардың алдын алу мақсатында шаһар аумағында патрульдік полиция Полкі мен мамандандырылған батальон қызметкерлері ауқымды және жергілікті іс-шаралар өткізуде. Осы айдың 24 күнінде қала жолдарында 1 мың 089 жол ережесін бұзу фактілері анықталды.

– Патрульдік полиция қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін қасақана бұзушыларды анықтау бойынша жұмысы күшейе түсті: қозғалыстың қарсы жолағына шығу – 15 жүргізуші, жалған мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері бар көлікті басқару – 21 жүргізуші, МТНБ-сіз көлік құралын басқау – 287 жүргізуші, әйнектері қараңғыланған көлік құралдарын басқару – 642 жүргізуші, жүргізуші куәлігінен айырыла тұра, көлік құралын басқару – 14 құқық бұзушы, резонаторларды қолданған – 110 жүргізуші. Өткен демалыс күндерінің өзінде қатты жылдамдықпен басқаруды ұнататын 23 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар, олар азаматтардың түнгі тыныштығын бұзады, – деді Алматы қалалық ПД жергілікті Полиция қызметі басқармасының бастығы Манап Саттаров.

Осыған орай, шаһардың полициясы жол қозғалысына қатысушыларды тағы да жол ережелерін қатаң сақтауға шақырады және «жазаның сөзсіздігі» қағидатын еске түсірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру