Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан бері көлік полицейлері діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 19 фактісін анықтады

Жыл басынан бері көлік полицейлері діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 19 фактісін анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Көліктегі полиция департаментінің экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасы Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңнамасын сақтауға бағытталған іс-шараларды тұрақты жүргізіліп жатыр.

ЭҚІҚБ бастығы Дулат Діркеновтің айтуынша, 2024 жылдың басынан бері көлік полицейлері діни қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтардың 19 фактісін анықтаған. Атап айтсақ, діни әдебиеттерді және діни мазмұндағы басқа да материалдарды, діни мақсаттағы заттарды әкелуге, әзірлеуге, жариялауға және (немесе) таратуға қойылатын талаптардың сақталмауына қатысты құқық бұзушылықтар.

Мамандандырылған әкімшілік соттардың шешімімен 18 азамат жалпы сомасы 1,5 млн теңгеден астам әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңының 9-бабының 3-бөлігіне сәйкес, әр атаудың бір данасындағы жеке пайдалануға арналғандарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағына діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды әкелуді дінтану сараптамасының оң қорытындысын алғаннан кейін тіркелген діни бірлестіктер ғана жүзеге асыра алады. Діни қызмет саласындағы бұзушылықтар үшін жеке және заңды тұлғалар құқық бұзушылық субъектілері ретінде жауапкершілікке тартылады. Ақшалай айыппұл түріндегі жаза, қызметті тоқтата тұру және т.б. қарастырылған,  – деп толықтырды Дулат Діркенов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру