Жыл басынан бері Қостанай облысында 40-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді
Жыл басынан бері Қостанай облысында 40-тан астам интернет-алаяқтық фактісі тіркелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бұл туралы Қостанай облысының ПД Киберқылмыспен күрес бөлімі хабарлады. Жасалған қылмыстардан келген жалпы шығын – 8 млн теңгеден асады.
11 қаңтарда Қостанай қаласының тұрғыны OLX хабарландырулары арқылы бизнеске қаражат салудың «тиімді» ұсынысын табады. Ол биржалық саудамен айналысуға және мұнай мен газ акцияларына инвестиция салуға ниетті болған.
Әйел сілтеме бойынша хабарландырудан өтіп, интернет-алаңда тіркеліп, алдымен, тіркелу үшін 64 мың теңге аударып, кейін бизнеске салу үшін екі млн теңге сомасында несие ресімдейді.
Әйелмен үнемі менеджер сөйлесіп келген, алайда ақшаны алғаннан кейін байланыс үзіліп, жәбірленуші полицияға арыз береді.
Сонымен қатар, «банктердің қауіпсіздік қызметінен» де қоңыраулар келіп түсуде. Жан-жақты әзірленген әдіс алаяқтарға көп мөлшерде пайда түсіруді жалғастырып жатыр. Мұндай ұсынысқа облыстың жеті тұрғыны жауап беріп, белгісіз тұлғалардың шоттарына 5 млн теңгеден астам қаражат аударған.
Полиция сақтық шаралары туралы тағы да ескертеді. Банктердің күмәнді қоңырауларына жауап бермей, бірден банктердің Call-орталықтарымен хабарласу қажет. Жеке деректеріңізді немесе банк карталарының нөмірлерін, сондай-ақ картаның артқы жағындағы үш таңбалы кодты ешкімге жібермеңіз. Сондай-ақ, үлкен дивидендтер ұсынатын күмәнді жобаларға инвестиция салмаңыз және күмәнді сілтем