Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемендік әйел психоневрологиялық есепте тұратын көршісінің мүлкін сатып жіберген

Өскемендік әйел психоневрологиялық есепте тұратын көршісінің мүлкін сатып жіберген, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі ПБ кезекші бөліміне желтоқсан айының басында 19 жастағы тұрғын арызданды. Оның айтуынша, 27 жастағы танысы алдап, оның жатақханадағы бөлмесін иемденіп алған. Келтірілген залал 3,5 млн теңгені құрады.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу кезінде полиция қызметкерлері 27 жастағы күдікті әйелді анықтап, ұстады.

Тергеу амалдары барысында 19 жастағы көршілісінің психоневрологиялық есепте тұратынын білетін әйел жәбірленушінің денсаулық жағдайын пайдалана отырып, мүлікті сатуға сенімхат жаздырып алып, кейін қолындағы құжат арқылы көршісінің жылжымайтын мүлкін сатып жіберген.

Қазіргі уақытта ұсталған әйелге қатысты келу міндеттемесі түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру