Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік тұрғынды үй алып беремін деп алдаған күдікті анықталды

Шымкенттік тұрғынды үй алып беремін деп 1,5 млн теңгеге алдаған күдікті анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Полиция департаментінің Еңбекші ауданы Полиция басқармасына “102” арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында жолда танысқан бейтаныс азамат “арзан бағада үй алып беремін” деп алдағаны туралы жазып көрсеткен. Осылайша сеніп қалған жәбірленуші еш ойланбастан 1,5 млн теңге тауып берген. Алайда азамат уәдесін орындамай, телефонға жауап бермей, ізін суытқан. Амалы қалмай, алданып қалғанын түсінген тұрғын полицияға шағымданған.

Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, жедел-іздестіру шараларына кіріскен.

Осы оқиғаға байланысты полиция қызметкерлерінен жедел-тергеу тобы құрылып, істің ақ-қарасын анықтайды. Нәтижесінде, осы жайтқа қатысты 49 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды.

Тергеу барысында азамат алаяқтықты кәсіп етіп, оңай жолмен алған ақшаны өз қажеттілігіне жұмсағаны анықталды. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру