Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да пробация қызметі еріктілермен бірігіп мұқтаж отбасыларға көмектесті

СҚО-да аз қамтылған және бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға әлеуметтік көмек берілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаменті Аққайың ауданының пробация қызметі, СҚО Аққайың аудандық “Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі” КММ және Аққайың ауданының “Ақ әлем” еріктілер клубының мүшелерімен көлемді әлеуметтік пакеттер аясында тұрмыстық тауарларды және азық-түліктерді атаулы әлеуметтік көмек алатын аз қамтылған отбасыларға және бір жастан алты жасқа дейінгі балалары бар отбасыларға тарату жұмыстары жүргізілді.

Жинақтардың тізімі Денсаулық сақтау министірлігінің ұсынысы бойынша және физиологиялық ерекшеліктерді есепке алып, азық-түлік және энергетикалық құндылықтары жастарына қарай жиналған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру