Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан ШҚО полицейлері 34 велосипед ұрысын қолға түсірді

Жыл басынан ШҚО полицейлері 34 велосипед ұрысын қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың басынан бері 48 велосипед ұрлығы тіркеліп, оның ішінде 17 фактісі тек мамыр айына тиесілі.

Жедел іздестіру шараларын жүргізу барысында 34 ұрлық ашылып, яғни ашылған қылмыс 71%-ды құрады.

​Жеке мүлікті көпқабатты үйлердің дәлізінде, ойын алаңдарында, және өзге де қоғамдық орындарда қараусыз қалдыру, аталған қылмыстың орын алуына негізгі себеп болып отыр. Мысал келтіретін болсақ, 2 мамыр күні белгісіз біреу қала көшелерінің бірінен жасырын түрде Centurion М-2 спорттық велосипедін қолды қылған. Аталған құқық бұзушылыққа қатысты қабылданған шаралар барысында, «Бас бостандығын шектеу» категориясы бойынша есепте тұрған, бұрын сотты болған 22 жастағы Өскемен қаласының тұрғыны ұсталды.

Осыған ұқсас тағы бір қылмыс ағымдағы жылдың 7 мамырында тіркелген. Жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, бұрын сотталмаған 53 жастағы қала тұрғыны ұсталып, ұрланған зат иесіне қайтарылды.

Аталған қылмыстың ізін кесу мақсатында ШҚО ПД қылмыстың алдын алу бойынша іс шараларды жиі өткізіп тұрады. Қоғамдық орындарда және көпқабатты үйлерде жеке мүлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы буклеттер таратылды.

Қараусыз қалдырылған мүлік қылмыскерлер үшін оңай олжа болып табылады және қылмыс жасауға итермелейді.

Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, жеке мүліктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мүлікті, оның ішінде велосипедтерді қараусыз қалдырмауды азаматтарға ескерткіміз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру