Жыл басынан СҚО-да криминалистер 600-ге жуық қылмысты ашуға қатысты
Іздерді зерттеу, биологиялық материалға сараптама жасау, иіс бойынша сәйкестендіру және зерттеулердің басқа да түрлері қылмыстың белгілерін толық және жан-жақты ашуда аса маңызды болып табылады. Жұмыстың негізгі бөлігі дактилоскопиялық зерттеулердің үлесіне тиесілі – басқаша айтқанда саусақ іздерімен жұмыс істеу. Жуырда олардың атқарған ісі азық-түлік дүкенінен 150 мың теңгенің жылу есептеуішін ұрлаған күдіктіні жедел ұстауға септігін тигізді. Із қалдырған қылмыскерді «Папилон» автоматтандырылған дактилоскопиялық сәйкестендіру жүйесі анықтауға мүмкіндік берді. Көзі қарақты СҚО ПД Жедел-криминалистикалық басқармасының қызметкері полиция майоры Александр Хлевов бұрын сотталған 32 жастағы қалалықтың ізіне шықты. Аталған факті ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 3-бөлігі (ұрлық) бойынша Сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Күдіктіге қатысты келу міндеттемесі түріндегі шара таңдалды. Ұрланған зат алынды.
– Криминалистердің жұмысы — полиция қызметіндегі «ғылымды қажет ететін» бөлігі болып табылады, олардың «погондағы ғалымдар» деген атқа ие болуы бекерден-бекер емес, – СҚО ПД ЖКБ бастығының орынбасары Қанат Оспанов. — Олрдың қолданатын құралдары заманауи ғылыми-техникалық жаңалықтар және компьютерлік жүйе болып табылады. Әрине, ешқандай компьютер адамды алмастыра алмайды. Бір ғасыр бұрын криминалистика ғылымы жаңа ашылған кезінде ұсынылатын тізімдермен жұмыс лупамен жүргізілсе, қазір де солай.