Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ұрджар аудандық пробация бөлімінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді

Шығыс Қазақстан облысында Ұрджар аудандық пробация бөлімінде бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2016 жылдың 30 желтоқсанында елімізде пробация қызметі туралы қабылданған заңы аясында бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандарды қоғамға бейімдеу, жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп олардың тұрмыстық әлеуметтік жағдайларын жаңдандыру жолында жұмыстар атқарылып жатыр. Соның бірі 5 маусым Үржар аудандық жұмыспен қамту орталығының бастамасымен өткізілген бос жұмыс орын жәрменкесі.

Аталған іс-шараға “Ярус” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тартылып, Үржар аудандық №1 пробация қызметінің есебіндегі алты сотталған жұмысқа жолданып, олардың екеуі тұрақты жұмыспен қамтылса, қалғандары “Ярус” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі басшылары тарапынан өткізілген жұмыс сұхбаттынан сәтті өтіп қажетті іс-құжаттарын жинақтауда. Аталған азаматтар іс-құжаттарын жинақтаудан өткеннен кейін жаңа объектілерге жұмысқа қабылданатындығы жұмыспен қамту орталығынан хабарланды.


2016 жылдың 30 желтоқсанында қабылданған пробация қызметі туралы заңынын негізгі мақсаты, бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазаға сотталғандардың, түзеу мекемелерінен босап шыққан адамдардың әлеуметтік жағдайын көтеру, олардың қоғамға тез бейімделуін, өздерін қоғамның толық қанды бір мүшесі екендіктерін сезінуін қамтамасыз ету болып табылады.

Бұрын сотты болған тұрғындар тарапынан жасалатын құқық бұзушылықтардың басым бөлігі, әлеуметтік жағдайының төмендігі бірден бір әсер етеді. Сондықтан пробация қызметі сотты болған азаматтардың әлеуметтік жағдайын көтеру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп ауқымды жұмыстар атқаруда. Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақыттарда да жалғасын тауып жүргізіле бермек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру