Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жайылымда жоғалып кеткен жылқылар табылды

Ақтөбе қаласының тұрғыны  Қобда ауданы ПБ-нің қызметкерлеріне жылқысын тапқаны үшін  алғысын білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мамыр айының басында Қобда ауданы Қанай ауылының жанындағы “Айсары” еркін жайылымынан құны 300 мың теңге тұратын 1,5 жастағы Айман Серкібаеваның жылқысы жоғалып кетті.

20 мамыр күні Қобда ПБ-не ауыл тұрғыны жылқысының жоғалып кеткені туралы арызданған. Әйел өзінің анасы қайтыс болғаннан кейін жылқы алған, А. Серкібаева бұрын Қанай ауылында тұрған, оның  қосалқы шаруашылығы болған. Анасы қайтыс болғаннан кейін әйел Ақтөбеге көшіп кеткен, ал анасынан қалған бес жылқыны ағасына жайылымға жіберді. Мамыр айының басында оның ағасы жылқының жоғалғаны туралы хабарлады, әйел оны өзі табуға тырысқан,  бірақ іздеу жұмыстары нәтижесіз болғандықтан полицияға жүгінген.

Арызды қабылдағаннан кейін полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын ұйымдастырды, 6 маусым күні Қанай ауылынан 25 шақырым жерде жылқы табылды, жануарды ұрлау фактісі расталмады.

– Осыған байланысты үй жануарларының иелеріне шаруашылықтардағы малдың жоғалмауын бақылауды күшейтуді тағы да ескертеміз. Бұдан басқа, қолда бар барлық мал басын ауылдық әкімдіктерге есепке қою, әрбір бастарға таңба салу қажет. Елді мекендерде ұйымдастырылған мал жайылымын елемеудің қажеті жоқ. Малдарды ілескен табындарға беріп,  өзіңіздің малыңыздың қолды болуынан  сақтаңыздар. Ауылдық жерлердегі учаскелік полиция инспекторларына қылмысты ашудың орнына кейде жоғалып кеткен малды іздеуге тура келеді, – деді Ақтөбе облысы ПД-нің бастығының орынбасары Қанат Нұрмағамбетов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру