Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл басынан СҚО-да жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді

Жыл басынан СҚО-да жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бүгінгі таңда Солтүстік Қазақстан облысында 3 259 шетел азаматы уақытша тұрып жатыр. Жыл басынан жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшін 600-ден астам мигрант өтініш білдірді, олардың ішінде 56 әйел адам үй қызметкері, аспазшы, күтуші болып жұмыс істейді.

Еңбек мигранттарының көпшілігі Өзбекстан, Тәжікстан және Әзірбайжан азаматтары. СҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Талғат Әбіловтің айтуынша, шетелдіктердің еңбек қызметіне байланысты 277 әкімшілік құқық бұзушылық анықталған. Бұл ретте, заңсыз шетелдік жұмыс күшін пайдаланғаны үшін Қазақстанның 15 азаматы жауапкершілікке тартылды.

Көші-қон қызметі басқармасының ақпаратынша, шетелдіктердің тиісті рұқсатсыз еңбек қызметімен айналысқаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабымен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) жауапкершілік қарастырылғанын атап өтті.

Жыл басынан СҚО-да осындай 54 құқық бұзушылық анықталды. Баптың санкциясы 25 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға немесе 10 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамаққа алуға немесе Қазақстан Республикасының шегiнен әкімшілік жолмен шығарып жiберуді көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру