Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жыл сайын полицияға тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі

ҚР ІІМ ӘПК төрағасының орынбасары Ренат Зұлқайыров ОКҚ алаңында өткен брифингте отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша елдегі жағдай туралы айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тұрмыстық зорлық-зомбылық – жалпы бүгінгі күннің өткір әлеуметтік проблемасы, өйткені ол құрбандардың өздеріне ғана теріс әсер етіп қоймайды, сонымен бірге қоғамды тұрақсыздандырады, әлеуметтік тәртіпке қауіп төндіреді. Жыл сайын полицияға отбасылық жанжалдарға қатысты 100 мыңнан астам шақыру келіп түседі.

– Ұрып-соғу және денсаулыққа жеңіл зиян келтіру фактілері олар қылмыстық заңнама тәртібімен қудаланған кезде де азайған жоқ. 2015-2016 жылдары 100 мыңнан астам хабарлама бойынша кінәлілер ешқандай жазаланған жоқ. Заңнама өзгерді, бірақ басқа мәселелер де жетіп артылады Көбінесе жәбірленушілер «үйдегі ұрысты сыртқа шығарғысы келмейді» Олар жанжалқорға қаржылық және психологиялық тәуелді жағдайлар да көп, – деді спикер.

Ішкі істер министрлігі тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әрбір сигнал бойынша ден қою шараларын қабылдап жатыр.

Сонымен қатар, олардың 60%-ы бойынша полиция жәбірленушілердің өтініш беруден бас тартуына байланысты шара қолдана алмады (2023 жылғы 3 ай –27 357 хабарламадан 10 548 нарядқа есептен шығарылды). Онсыз, қолданыстағы заңнамаға сәйкес, полиция қызметкері жанжалқорларды жауапқа тарта алмайды. Салдарынан жазасыздық – жүгенсіздікке жол береді, – деді Зұлқайыров.

Қол жұмсау жанжал шығаруға бейім адамдардың әдетіне айналған. Ал оның соңы, одан да ауыр зардаптарға әкеп соғып жатыр.

Құқық бұзушының портреті – көп жағдайда ер адам (80%) екенін атап өткен жөн. Олар:

30 жастан 50 жасқа дейінгі ер адамдар (52%);

Тұрақты жұмыс орны (74%), кәсіптік және жоғары білімі жоқ (90%);

Тиісінше, зардап шеккендер негізінен – әйелдер (78%).

– Көбіне олар «агрессорға» материалдық және психологиялық тәуелді. Жылдар бойы қорлау мен қорқытуға шыдайды. Балалар да зардап шегеді. Олар қатыгез көріністердің куәсі. Денсаулық сақтау ұйымының бағалауы бойынша, отбасындағы зорлық-зомбылық жасөспірімдердің психикасына, рухани және эмоционалдық дамуына кері әсер етеді. Балалар отбасында көретін мінез-құлық пен агрессияның бұл үлгісін олар қатарластарына және үйден тыс жерде көрсетеді, – деді Ренат Зұлқайыров.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру