Жыл басынан бері 119 велосипед иесіне қайтарылды
Павлодар облысында жыл басынан бері 119 велосипед иелеріне қайтарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығының тұрғыны үйдің кіреберісінен «Viva» велосипедінің жоғалып кеткені туралы полицияға жүгінді. Өтініш берушінің айтуынша, келтірілген залалдың мөлшері 135 000 теңгені құрады.
Оқиға орнына жеткен полицейлер велосипед қалдырылған кіреберісті тексеріп, үйдегі пәтерлерді де тексеріп шықты. Өтініш беруші ұсынған құжаттар мен сипаттама негізінде полиция жоғалған мүліктің белгілерін анықтады.
Осы ақпаратпен қызметкерлер ұрланғанды сатуға болатын орындарды, ұрлауға қатысы барына бұрын құқық қорғау органдарының қарауына түскен адамдарды тексерді.
Біраз уақыттан кейін бұл іс бойынша күдікті пайда болды. Павлодар қаласының 40 жастағы жұмыссыз тұрғыны велосипед ұрлауға қатысы болуы мүмкін екені белгілі болды. Ер адам ұсталды, ұрланған екі доңғалақты досы заңды иесіне қайтарылды.
Ұрлық фактісі бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Полиция қызметкерлері қырағы болыңыз және қауіпсіздік техникасының негізгі ережелерін сақтаңыз, мүліктеріңізді сақтау үшін барлық шараларды қолданыңыз деп ескертеді.
Велосипед ұрланған жағдайда, Сіз дереу жақын жердегі полиция бөлімшесіне немесе «102» телефонына хабарласуыңыз керек.