Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жалпыға ортақ әскери міндет: жас жауынгерлерге дайындық курстары өтіп жатыр

ҚР ІІМ Ұлттық Ұлан Шығыс Қазақстан облысы аймағының 6699 әскери бөлімінде жас жауынгерлерге арналған оқу-жаттығу, дайындық курстары өтіп жатыр, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Министрлігінің ШҚО ҚАЖД ОВ 156/6 мекемесінің ең негізгі түзеу мекемесіндегі күзеттік міндетін 6699 Ұлттық Ұлан әскери бөлімі сарбаздары мен әскери қызметкерлері атқарады.

Осы жылдың көктем айында азаматтық борышын өтеуге еліміздің әр аймағынан келген 46 жас сарбаз Отан қорғаушылармен тең дәрежеде сапқа тұру үшін бір айдан аса уақыт арнайы дайындық курсынан өтіп жатыр.

Жас жауынгерлерге мекеме қызметкерлері мен әскери бөлім қызметкерлері әскери қару-жарақ АК-74 автоматын таныстырып, қолдану тәртібін, мақсатын түсіндіріп өтті.

Коронавирус індетінің таралуын болдырмау үшін аталған шара 6699 Ұлттық Ұлан әскери бөлімінің даладағы плац аймағында карантиндік тәртіпті сақтаумен, қашықтықты сақтаумен өткізілді.

Әрбір жас жауынгер қолына қару алып, оқу жаттығу сабақтарынан өтіп, берілген қаруды қолдану тәртібі мен мақсаты және әскери міндеттіліктің маңызы туралы түсініктен хабардар болды.

Еліміздегі қоғам мен мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету – ҚР ІІМ Ұлттық Ұланның басты міндеті болып табылады.

Осы әскери бөлімінің рота командирінің орынбасары Д.Туктыбаеы: – Әскерге алынған бозбалалар тыңғылықты әзірленуде, сарбаздар жас жауынгерлер курсынан өтіп, оларға ҚР Қарулы Күштерінің тарихын, әскери істің негіздерін, сап дайындығынан өтуде. Батылдық пен қырағылық, әскери антқа адалдық туралы түсінікпен таныстырылуда, – деп айтып өтті.

Бүгінде ҚР ІІМ қарасты Ұлттық Ұлан әскері қоғамдық тыныштықты сақтау, маңызды мемлекеттік нысандарды, соның ішінде түзеу мекемелерін күзету мен қорғау, мемлекет аясында өткізілетін іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету секілді бірқатар өзіне жүктелген міндеттерді табысты орындауда.

– Қолдарына алған қаруларын тек оқу жаттығу сабақтарында ғана қолданып, Отан алдындағы борыштарын абыроймен, табандылықпен, төзімділікпен өткізсін. Ағайын-туыстары мен әке-шешелеріне аман-есен оралсын, – деп ОВ 156/6 мекемесінің тәрбие бөлімімен тәртіп бөлімінің қызметкерлері жас жауынгерлерге арнап тілектерін білдіріп өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру