Жылыжайды үптеген ұры ұсталды
Қарағанды тұрғыны біреудің жылыжайынан барлық тұрмыстық заттарды алып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.
19 қарашада Қарағанды қаласының ПБ Михайлов полиция бөліміне 37 жастағы қала тұрғыны хабарласып, саяжайда орналасқан жылыжайына белгісіз біреулердің ұрлыққа түскені туралы арызданды.
Жәбірленуші әйел саяжайға келген уақытта белгісіз біреудің іздерін көріп, секем алған. Мұқият тексерген кезде ұрының жылыжаймен бірге, электр ұзартқышы, қолшам, дыбыс құрылғысы, қолғап секілді барлық қажетті заттарды үптеп кеткендігін анықтаған. Сонымен қатар ұры тіпті жуғыш заттар мен шамдарды да алып, 50 мың теңгеден аса сомаға мүліктік шығын келтірген.
Жәбірленушінің көршілерінен жауап алу кезінде полиция қызметкерлері ұрының 55-60 жастағы ер адам екенін анықтады.
Жедел-іздестіру шаралары барысында олар 57 жастағы күдіктіні ұстады.
Аталған факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабымен (Ұрлық) қылмыстық іс қозғалды.
Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.