Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Құжатсыз ет тасымалдаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Павлодар облысында құжатсыз ет тасымалдаған жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Екібастұз қаласының полицейлері сағат 22.00-де Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі үйлердің бірінің ауласынан жүк салғышында екі жылқының еті бар “ВАЗ-21093” автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде еттің тиісті құжаттары жоқтығы анықталды. 50 жастағы қала тұрғыны Баянауыл ауылынан туыстарына ет әкелген, – деді Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Құжатсыз ет тасымалдаған ер адамға қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабы (Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын бұзу) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру