Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысының аумағында “Мал ұрлығы” жедел алдын алу іс-шарасы өткізілуде

Қарағанды облысында “Мал ұрлығы” жедел-алдын алу іс-шарасы барысында бұрын жасалған 16 мал ұрлығы ашылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

2020 жылғы 16-21 қараша аралығында облыс аумағында “Мал ұрлығы” республикалық жедел-алдын алу іс-шарасы өтуде. Полицейлер мал ұрлығына қатысы бар тұлғаларды анықтау, оларды құрықтау және қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша іс- қимылдарын күшейтті.

– Іс –шараның үш күнінде екі мал ұрлығы тіркелді, екеуі де ашылды. Бұрын жасалған 16 мал ұрлығы ашылды. Мал ұрлығын жасаған төрт тұлға құрықталды. Мал және ет өнімін тасымалдаған 570 автомашина, ет сататын 200 орын, 270-тен астам шаруа қожалығы тексерілді. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 406-бабымен көзделген ветеринария саласындағы заңнаманы бұзудың 13 фактісі анықталды, – деп хабарлады Қарағанды облысының ПД бастығының орынбасары Әбіл Әбілдин.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру