Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті
Қызылордадағы ҚАЖ мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы кездесу өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz
Amanat партиясы Қызылорда облыстық филиалы жанындағы Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық қоғамдық кеңес төрағасы, облыстық мәслихат депутаты Мақсұт Нәлібаев Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты №37 мекемесінің қызметкерлерінің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғамдағы ең қауіпті әлеуметтік құбылыстардың бірі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Кездесудің мақсаты – жеке құрам арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мен сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында болды. Жиын барысында Мақсұт Нәлібаев мемлекеттік қызметкерлердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетін арттыру күн тәртібінен түспейтін маңызды мәселе екенін айтып, кей мемлекеттік қызметшілердің құқық бұзушылыққа немқұрайдылық танытуы, кәсіби әдептілігінің жетіспеуі де, жеке басының қамын ойлауы да парақорлықтың дендеуіне септігін тигізуде.
– Азаматтардың бойында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет, жемқорлыққа орнықты иммунитет болмайынша, қалаулы нәтижеге қол жеткізу мүмкін емес. Сондықтан, сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалғыз адам емес, қоғам мемлекеттік органдар мен қоғамдық бірлестіктердің бірігуімен қарсы тұруға болатынын, әрбір қызметкер жауапкершілікті сезініп, өз қызметінде осы індетпен барынша күрес жүргізбей, жеңіске жету мүмкін емес. Сондықтан мемлекеттік қызметкер өзіне жүктелген функционалдық міндеттерін мінсіз орындап, мемлекеттік қызметтің беделіне және абыройына нұқсан келтірмей, өз іс-әрекетімен қоғамда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және жолын кесу үшін тиісті деңгейде жұмыс атқаруы тиіс, – деп айтты Мақсұт Нәлібаев.
Дөңгелек үстел соңында қатысушылар өзара пікір алмасып, тиісті ұсынымдарды жасады.