Алматы полициясы Сейфуллин даңғылында 50 жергілікті іс-шараны жүргізді
Алматы полициясы жыл басынан Сейфуллин даңғылында 50 жергілікті іс-шараны жүргізді, – деп хабарлайды Polisia.kz
Биылғы жылдың басынан бері Сейфуллин даңғылының бойында 50-ден астам жергілікті іс-шара жүргізілді.
– Жыныстық қызмет көрсететін 112 әйел арнайы тіркеуге қойылды, оның 80-і ҚР ӘҚБтк-нің 449-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар осы ауданда интимдік қызмет көрсететін 8 жезөкшелер үйі анықталды және жойылды. Жеңіл жүрісті әйелдер бұрынғыдай жолда тұрмайды. Қазір бұл қызмет түрі жол бойынан пәтерлерге, үйлерге, қонақүйлерге ауысқан. Осы бағыттағы мақсатты жұмыстар ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасындағы әріптестеріміздің көмегімен тұрақты түрде жүргізілуде, – деді Түрксіб аудандық Полиция басқармасының бастығы Еркін Амантаев.
Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының мәліметінше, Алматыда жыл басынан бері шын мәнінде, жеңіл жүрісті әйелдер жұмыс істеген 12 боди-массаж жасайтын салон анықталды және жойылды.